Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің бірқатар облысындағы су тасқыны салдарынан қалыптасқан күрделі жағдайға байланысты Қазақстан халқына үндеу жасады. Тасқынға байланысты бірқатар аймақтарда төтенше жағдай жарияланды.Біздің, Ақмола облысы, Жақсы ауданы, Терісаққан ауылымызда су тасқынына қарсы іс-шаралар жүзеге асырылды. Бұл іс-шаралар ауылымыздың әкімі Кенесова Еркеназ Мұхамедиярқызы басшылығымен жасалды. Бір күні бойы (күндіз, түнде) ауылымыздың бірқатар жастары бар күш-жігерін аямай су тасқынымен күресті. Көрші "Көксай" ауылының тұрғындары көрші ауылға эвакуацияланып, қауіпсіз жерге көшірілді. Ауыл әкімі Кенесова Е.М. асар-асар көмек көрсеткен тұрғындарға шексіз алғысын білдірді. Аудан әкімі Кадралина Алмагуль Аманжоловна өз қызметкерлерімен және су тасқынымен күресетін техникаларымен келіп көп көмек көрсете білді. Осы қиын кезеңде " бірлік пен ынтымақты сақау керек" деп мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, әрқашанда бір- бірімізге көмек көрсетіп, ажырамас ірге боп жүрейік.
https://www.instagram.com/p/C5bjNNVNPZR/?igsh=anZqa3hsMGppM3dj